20 Мамыр 2022, 18:03
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы №24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі №501 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы №24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі №501 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:
15-тармақ:
мынадай мазмұндағы 66-2) және 66-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«66-2) орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда бизнес-процестерді цифрлық трансформациялауды және олардың реинжинирингін үйлестіру;
66-3) мемлекеттік ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;»;
мынадай мазмұндағы 206-1), 206-2), 206-3) және 206-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«206-1) есептер мен көрсеткіштер (салалық деректер) тізілімін бекіту;
206-2) орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда бизнес-процестердің реинжинирингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
206-3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда бизнес-процестердің реинжинирингі әдістемесін бекіту;
206-4) мемлекеттік ақпараттандыру объектілерінде қамтылған азаматтар мен заңды тұлғалар туралы мәліметтерді түзету қағидаларын бекіту;».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу