Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы №651 Қаулысы

Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы

2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының Кодексi 307-бабының 4-тармағына және «Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерiнiң кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен санатқа жатқызу және пайдалы қазбаларды өндiруге арналған салық бөлігінде салық салу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса беріліп отырған Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

        

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу