Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 397 Қаулысы

«Жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Жоғары оқу орындарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 66 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 5, 38-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ереже бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                                                            А. Мамин

 Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу