18 Тамыз 2026, 10:18
Пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу бойынша жаңа өндірістер құруды, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуді және (немесе) жаңғыртуды көздейтін іс-шаралар кешені пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу жобасы болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесін бекіту туралы
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 242-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу бойынша жаңа өндірістер құруды, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуді және (немесе) жаңғыртуды көздейтін іс-шаралар кешені пайдалы қатты қазбаларды қайта өңдеу жобасы болып табылатын жер қойнауын пайдаланушылардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу