Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 13 қазандағы №904 қаулысы

Ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу туралы

 

«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша шет мемлекеттерден шығарылатын тауарларды (бұдан әрі – тауарлар) ұлттық режимнен алып қою белгіленсін.

2. Тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өнім беруші өндірген тауарлардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат етілсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданыста болады.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                            Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу