Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 ақпандағы №68 Қаулысы

Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидаларын бекіту туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 308-2-бабының 4-тармағына және 346-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Міндеттемені заттай нысанда орындау қағидалары бекітілсін.
2. «Жер қойнауын пайдаланушы Қазақстан Республикасына заттай нысанда беретін пайдалы қазбалардың көлемін айқындау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 11 желтоқсандағы 
№ 2080 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 58, 505-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.


Қазақстан Республикасының 
                 Премьер-Министрі                                                        Б. Сағынтаев

Приложение

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу