27 Наурыз 2024, 11:00
Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2024 жылға арналған тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 216-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2024 жылға арналған тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2024 жылғы « 14 » наурыздағы
№ 187 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыру ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2024 жылға арналған
тізбесі
Р/с № |
Жобаның атауы |
Жобаның жалпы құны (мың теңге) |
Іске асыру кезеңі (жылдар) |
Мемлекеттік кепілдіктің мөлшері |
Қарыз алушы |
Әлеуетті қарыз беруші |
1 |
«Ақтөбе қаласының кәріздік тазарту құрылыстарын салу» |
53872417 мың теңге |
2024 – 2038 |
47674663 мың теңгеге дейін |
«Aqtobe-su-energy-group» акционерлік қоғамы |
Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі |
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу