Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 14 сәуірдегі №219 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 3 қыркүйектегі №909 және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы №24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2019 жылғы 12 шілдедегі №501 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 

  1. «Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 қыркүйектегі 
    №909 қаулысында: 

көрсетілген қаулымен бекітілген Меншік иесінің және (немесе) оператордың, сондай-ақ үшінші тұлғаның дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру қағидаларында: 

3-тармақтың 4) тармақшасындағы «қолжетімділік беруді қамтамасыз ететін дербес деректерді қорғау жөніндегі қажетті шараларды қолдануға міндетті.» деген сөздер «қолжетімділік беруді;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: 

«Заңның 8-бабы 4-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген іс әрекеттерді тіркеуді және есепке алуды қамтамасыз ететін дербес деректерді қорғау жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға міндетті.»; 

7-тармақтың 5) тармақшасындағы «деректерге ол жеткізудің тәртібін белгілеу қажет.» деген сөздер «деректерге қол жеткізудің тәртібін белгілеу;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын: 

«6) оператордың дербес деректерді жинауға, өңдеуге және қорғауға қатысты саясатын айқындайтын құжаттарды бекіту; 

7) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарау шеңберінде уәкілетті органның сұрау салуы бойынша меншік иесінің және (немесе) оператордың Заңның талаптарын сақтауын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын тәсілдер мен рәсімдер туралы ақпарат беру қажет.»; 

  1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 
    2019 жылғы 17 маусымдағы №24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі 
    №501 қаулысында: 

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде: 

15-тармақта: 

мынадай мазмұндағы 268-1), 268-2) және 268-3) тармақшалармен толықтырылсын: 

«268-1) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту; 

268-2) дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисімен интеграциялау қағидаларын бекіту; 

268-3) дербес деректер және оларды қорғау мәселелері жөніндегі консультативтік кеңес құру, сондай-ақ оны қалыптастыру және оның қызметінің тәртібін айқындау;»; 

мынадай мазмұндағы 378-1) тармақшамен толықтырылсын: 

«378-1) мемлекеттік емес ақпараттандыру объектілерінің мемлекеттік органдардың және (немесе) мемлекеттік заңды тұлғалардың ақпараттандыру объектілерімен дербес деректерді беру жүзеге асырылатын және (немесе) дербес деректерге қолжетімділік берілетін интеграциялануын келісу;». 74

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

 

Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі                                                     Ә. Смайылов 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу