Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 ақпандағы №69 Қаулысы

Жарияланды: Сәрсенбі, 27 Қараша 2019

«Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 800-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасында:

4-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Шетелдік дипломатиялық өкілдіктерді, шетелдік консулдық мекемелерді, халықаралық ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін күзетуді 1961 жылғы 18 сәуірдегі Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына, 1963 жылғы 24 сәуірдегі Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясына және Қазақстан Республикасының өзге де халықаралық шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жыл сайын ұсынатын тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері қамтамасыз етеді.»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Аса маңызды мемлекеттік объектілерге тұтастығының бұзылуы мемлекет қауіпсіздігіне, оған жүктелген функцияларды нақты іске асыруға теріс әсер етуі, экономикаға елеулі зиян келтіруі, мемлекетаралық қарым-қатынастарды қиындатуы мүмкін, сондай-ақ мемлекет пен қоғам үшін аса маңызы бар объектілер жатады.

Аса маңызды мемлекеттік объектілердің санатына:

1) Қазақстан Республикасының республикалық және облыстық маңызы бар орталық және жергiлiктi атқарушы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Бас прокуратураның, облыстар прокуратураларының, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасы прокуратураларыныңәкiмшiлiк ғимараттары мен объектiлерi, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа да мамандандырылған прокуратуралар, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет пен оның аумақтық бөліністері;

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің объектілері, оның филиалдары мен қоймалары;

3) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдік дипломатиялық өкілдіктер, шетелдік консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері жатады.»;

6-тармақтың 4-2) тармақшасы алып тасталсын;

7-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы жөніндегі талаптарда:

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуының белгіленген талаптарға сәйкестігін, бекеттердің орналасуы мен күзет түрін объектілердің меншік нысанына және ведомстволық тиесілігіне қарамастан, бөлімшелер мен объектілер әкімшілігі өкілдерінің құрамы жарты жылда бір реттенсиретпей жүргізетін комиссиялық тексерістер нәтижелерінің негізінде объект басшысы мен бөлімшелер белгілейді.

Мемлекеттік күзетілуі тиіс шетелдік дипломатиялық өкілдіктерді, шетелдік консулдық мекемелерді, халықаралық ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктерін сыртқы тексеру Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдар өкілдерінің және объектінің меншік иесінің қатысуымен жүргізіледі.

Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ведомстволық бағынысты объектілердің техникалық нығайтылуын республикалық және жергілікті бюджеттерде оларды ұстауға көзделген қаражат шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін талаптарға сәйкес келтіреді.

Жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі объектілердің техникалық нығайтылуы олардың өз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін талаптарға сәйкес келтіріледі.

Монтаждау-ретке келтіру қызметтерін көрсету саласындағы нарықтың одан әрі жетілуі мен дамуын ескере отырып, уәкілетті органдар мен бөлімшелер қосымша қорғау шебі ретінде объектілер қауіпсіздігінің осы талаптарда айтылмаған, қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында декларацияланған және сертификатталған қазіргі заманғы өзге де техникалық жүйелері мен құралдарын ұсына алады.»;

6-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«2) В санаты – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдардың объектілері; су шаруашылығы объектілері – гидротехникалық құрылыстар: гидротораптар, шлюздер, бөгеттер; су қоймалары, жарылғыш, улы, аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық және химиялық заттарды әзірлеу, өндіру, сынау және сақтау жөніндегі ұйымдардың объектілері мен оқшауланған үй-жайлары; тіршілікті қамтамасыз ету объектілері;

3) С санаты – Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы мемлекеттiк органдарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың; Бас прокуратураның, облыстар прокуратураларының, республикалық маңызы бар қалалар мен Қазақстан Республикасы астанасы прокуратураларының әкiмшiлiк ғимараттары мен объектiлерi, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа да мамандандырылған прокуратуралар, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет пен оның аумақтық бөліністері; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiңобъектiлерi, оның филиалдары мен сақтау қоймалары; Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдік дипломатиялық өкілдіктер, шетелдік консулдық мекемелер, халықаралық ұйымдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері; республикалық маңызы бар байланыс, теле және радиохабарларын тарату объектiлерi; ғарыш инфрақұрылымының объектілері.»;

10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«10. Аумағы бар мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілер периметрі бойынша адамдар мен көлік құралдарының БӨП-ті орап өтіп, объектіге және объектіден еркін өтуіне кедергі жасайтын қоршаумен жабдықталады.

Осы тармақтың талаптары «Үкімет үйі», «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараттарына,Қазақстан Республикасының Парламенті ғимараттар кешеніне қолданылмайды.

Көрсетілген объектілер адамдарды есепке алу контингентінің санаттары бойынша танып білуді, объектілер мен жағдайларды бейнебақылау камералары бойынша табуды қамтамасыз ететін зияткерлік ақпараттық жүйелермен жарақтандырылады.

Ескертпе: негіздер мен құралдар жеткілікті болған кезде магистральдық құбыржолдар мен кен орындарының аумақтары да адамдар мен көлік құралдарының БӨП-ті орап өтіп, объектілердің күзетілетін аймақтарына еркін өтуіне кедергі жасайтын қоршаумен жабдықталуы мүмкін.».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                                                           Б. Сағынтаев

 


Жаңалықтар тізбегі
16 Сәуір 2021, 18:20
А. Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық офис отырысын өткізді
16 Сәуір 2021, 18:05
Инвестициялық штаб отырысында 2021 жылдың I тоқсанындағы инвестицияларды тарту қорытындылары қаралды
16 Сәуір 2021, 14:39
Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңес өткізді
16 Сәуір 2021, 12:30
Марат Ахметжанов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды
15 Сәуір 2021, 19:33
Жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту және жұмыс орындарын ашу: ҚР-да халықты жұмыспен қамту шаралары
15 Сәуір 2021, 19:13
Елбасы Премьер-Министр Асқар Мамин мен Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловты қабылдады
15 Сәуір 2021, 18:49
Мемлекет басшысы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 15:36
Қазақстанда су тасқыны жағдайы тұрақты — Ю. Ильин
15 Сәуір 2021, 13:47
Үкіметте экономиканың креативті секторын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті
15 Сәуір 2021, 11:46
Ә. Смайылов туристік маусым қарсаңында ШОБ проблемалық мәселелерін қарастыру жөнінде кеңес өткізді
15 Сәуір 2021, 11:28
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №229 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 11:20
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі №223 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:59
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №235 Қаулысы
15 Сәуір 2021, 09:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 Қаулысы
14 Сәуір 2021, 17:43
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкеновті қабылдады
14 Сәуір 2021, 16:26
Президент Қазақстанның АҚШ-тағы жаңадан тағайындалған елшісі Ержан Ашықбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 15:32
Мемлекет басшысы Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
14 Сәуір 2021, 14:24
Тұрғын үй саясатын жаңғырту, қолжетімді тұрғын үй салу және тиімді шарттармен ипотека беру — Қазақстанда тұрғын үй құрылысын дамыту
13 Сәуір 2021, 19:31
Р. Скляр cу тасқыны жағдайына мониторинг жасау мақсатында елорда маңындағы аумақтарды әуеден бақылады
13 Сәуір 2021, 17:56
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевті қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:58
Мемлекет басшысы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады
13 Сәуір 2021, 16:49
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады
13 Сәуір 2021, 14:16
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 сәуірдегі №210 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 14:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №194 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 13:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 7 сәуірдегі №212 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:12
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 12:07
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 сәуірдегі №207 Қаулысы
13 Сәуір 2021, 08:08
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады
12 Сәуір 2021, 20:33
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 29 наурыздағы №169 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:19
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы №137 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:08
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №174 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 20:00
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №189 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 19:32
Қазақстан Президенті Швецияның сыртқы істер министрі Анн Линдені қабылдады
12 Сәуір 2021, 19:18
Ғылымды гранттық қаржыландыру отандық ғалымдарды қолдау шарасы ретінде
12 Сәуір 2021, 19:01
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №184 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:56
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №176 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:53
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 наурыздағы №173 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:48
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №192 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:40
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы №193 Қаулысы
12 Сәуір 2021, 18:10
Ербол Қарашөкеев ҚР қаржы вице-министрі болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 15:03
Ростислав Коняшкин «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
12 Сәуір 2021, 13:30
ҚР Үкіметінің отырысы, 12.04.2021
12 Сәуір 2021, 13:28
Қазақстанның машина жасау саласы тұрақты өсу үрдісін көрсетіп отыр —  Б. Атамқұлов
12 Сәуір 2021, 12:46
Атқарушы органдар жұмысының маңызды көрсеткіші – әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу — Б. Сұлтанов
12 Сәуір 2021, 11:39
Барлық өңірлерде жергілікті бюджетке кіріс түсімдері бойынша жоспар асыра орындалды — Е. Жамаубаев
12 Сәуір 2021, 11:38
Қазақстанның көптеген өңірлерінде жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр — Ә. Ерғалиев
12 Сәуір 2021, 11:30
Салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы өтініштері 1 трлн теңгеден астамға орындалды — Е. Досаев
12 Сәуір 2021, 11:25
Биыл қыркүйек айына дейін 10 млн-ға жуық Қазақстан тұрғынына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз ету жоспарлануда — ҚР ДСМ
12 Сәуір 2021, 11:08
2021 жылдың I тоқсанында ҚР экономикасының негізгі салалары тұрақты өсім көрсетті
12 Сәуір 2021, 10:57
А. Мамин вакциналау кестесінің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.