Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 наурыздағы №215 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №820 және «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:

мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

«7-1. Қаржы агенттігі инвестициялық мақсаттарға бағытталған, қарыз сомасы 10 (он) млрд теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг бойынша Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның келісуі бойынша қаржы агенттігінің ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген жобалардың қаржылық көрсеткіштерін бағалау әдістемесіне сәйкес кредиттер/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға қажеттіліктің жоқтығын көрсететін ЖКС қаржылық көрсеткіштері кезінде (өтелу мерзімін, таза пайданы, кірістіліктің ішкі нормасын, ақша ағындарын ескере отырып) субсидиялаудан бас тартады.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«9. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары: 

Субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның іс-шараларын және осы тетікті іске асыруға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.

ЖКС-ның ЕДБ, ЛК мен АНК беретін кредиттері/қаржылық лизингтері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды.

Инвестицияларға бағытталған кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылдан аспайды.

Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер мен қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайды.

Осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес инвестицияларға бағытталған экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі осы тармақтың жетінші және сегізінші абзацтарында көзделген жобаларды қоспағанда, 7 (жеті) жылдан аспайды.

Осы тетікке 3-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын ЖКС төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды.

Санкциялар қолданылатын ЕДБ/ЛК бұрын мақұлдаған/берген және осы тетікте көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг те субсидиялауға жатады.

Бұл ретте қайта қаржыландыру ЕДБ/ЛК меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.

Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ оларды мониторингтеу 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.»;

басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 3-қосымшамен толықтырылсын;

2) «Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидаларында:

9-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау және кепілдік беру ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, салалық шектеулерсіз және номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген  және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 16,75%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:

3-тармақтың 17-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«17-2) қосылу шарты бойынша төлемдер кестесі – осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген тәртіппен келісілген, субсидияланатын және субсидияланбайтын бөліктерге бөле отырып, банк/лизингтік компания мен қарыз алушы арасындағы банктік қарыз/қаржылық лизинг шарты шеңберінде қол қойылатын кесте;»;

мынадай мазмұндағы 43-2-тармақпен толықтырылсын:

«43-2. Қаржы агенттігі инвестициялық мақсаттарға бағытталған, қарыз сомасы 10 (он) млрд теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг бойынша Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның келісуі бойынша қаржы агенттігінің ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген жобалардың қаржылық көрсеткіштерін бағалау әдістемесіне сәйкес кредиттер/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға қажеттіліктің жоқтығын көрсететін жеке кәсіпкерлік субъектісі қаржылық көрсеткіштері кезінде (өтелу мерзімін, таза пайданы, кірістіліктің ішкі нормасын, ақша ағындарын ескере отырып) субсидиялаудан бас тартады.»;

50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«50. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша, өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі жобаларды субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25%-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды.

Тетікке 3-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды.

Кредит/лизинг жеке кәсіпкерлік субъектісіне ұлттық валютада беріледі.»;

51-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

«Тетікке 3-қосымшаға сәйкес инвестицияларға бағытталған экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарында көзделген жобаларды қоспағанда, 7 (жеті) жылдан аспайды.»;

71-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

«6) тетікке 3-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу жөніндегі талап қойылады.»;

76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«76. Тетік шеңберінде жобаны қаржы агенттігі құжаттар мен қажетті ақпарат келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

Тиісті салалық орталық уәкілетті органның қорытындысы бар қаржы агенттігінің шешімі құжаттар топтамасы мен қажетті ақпарат банктен қаржы агенттігіне келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде беріледі.

Қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде жеке кәсіпкерлік субъектісінің мыналар бойынша міндеттемелері көрсетіледі:

салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттік қаражат бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу;

салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректердің негізінде жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50%-дан аспайтын мөлшерде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу (тетіктің талаптарына сәйкес салықтар төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректердің негізінде жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсатына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді).

Бұл ретте тетікке 3-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу көрсетіледі.»;

129-тармақтың 12) тармақшасындағы «талаптарын орындамау фактілері анықтаған кезде субсидиялауды тоқтата тұрады.» деген сөздер «талаптарын орындамау;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толытырылсын:

«13) тетікке 3-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша мынадай талаптар орындалмаған кезде:

салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу;

субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу бойынша талаптарын орындамау фактілері анықтаған кезде субсидиялауды тоқтата тұрады.»;

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

экономиканың басым секторларының тізбесінде:

«Туризм» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«

Туризм

55.10

Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі

»;

ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

«* осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға алуды және лизингін көздейді

** апартаменттер мен пәтерлерді қоспағанда»;

көрсетілген Қағидаларға 2, 3 және 4-қосымшалар осы қаулыға 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидаларында:

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

экономиканың басым секторларының тізбесінде:

«Туризм» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«

Туризм

55.10

Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі

»;

ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

«* осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға алуды және лизингін көздейді

** апартаменттер мен пәтерлерді қоспағанда»;

көрсетілген Қағидаларға 2, 3 және 4-қосымшалар осы қаулыға 6, 7 және 8-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 6-қосымшада:

кәсіпкердің жобасы бойынша банк қаржы агенттігіне беретін құжаттардың тізбесінде:

«1. Жалпы құжаттар» кіші бөлімінің кестесінде:

реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

4

Банктің уәкілетті органының қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы шешімі, банктің кредиттік, кепіл және заң басқармасының (болған жағдайда) және тәуекелдерді басқару басқармасының сараптамалық қорытындылары

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

»;

көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау шараларын ұсыну қағидаларында:

55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«55. ХШҰ-мен өзара іс-қимыл қолданыстағы кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган мен қабылдаушы елдің уәкілетті органы арасындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдер шеңберінде, сондай-ақ қаржылай емес қолдау операторы мен ХШҰ арасындағы келісімдер шеңберінде жүзеге асырылады.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                      Ә. Смайылов

 

1-қосымша

2-қосымша

3-қосымша

4-қосымша

5-қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу