Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 маусымдағы №410 Қаулысы

Түркістан облысы Арыс қаласының және Ордабасы ауданының шекарасын өзгерту туралы

 

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексі 13-бабының 5) тармақшасына, 108-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес:

Арыс қаласының Ақдала ауылдық округінен берілетін 500,0 гектар жерді Ордабасы ауданы Бөржар ауылдық округінің шекарасына;

Ордабасы ауданының Бөржар ауылдық округінен берілетін 500,0 гектар жерді Арыс қаласы Монтайтас ауылдық округінің шекарасына;

Арыс қаласы Қожатоғай ауылдық округінен берілетін 491,0 гектар жерді Арыс қаласының шекарасына қосу жолымен Арыс қаласы мен Ордабасы ауданының әкімшілік шекарасын өзгерту туралы «Түркістан облысы Арыс қаласы мен Ордабасы ауданының шекараларын өзгерту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісуге енгізу туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қазандағы № 227 қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі № 42/435-VI шешіміне келісім берілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі                                                                    А. Мамин

 

Қосымша

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу