17 Маусым 2026, 13:07
«Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1095 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 270-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын:
«33) «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» коммерциялық емес акционерлік қоғамына қатысты – 2030 жылғы 24 қазанға дейін, «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл, «Qazcontent» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – 2029 жылғы 30 сәуірге дейін, «Қазимпэкс» республикалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 5 жыл, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл»;
реттік нөмірі 273-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 22) тармақшамен толықтырылсын:
«22) «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «Астана қаласының Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 2030 жылғы 15 тамызға дейін, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамына қатысты –
3 жыл»;
реттік нөмірі 277-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл»;
реттік нөмірі 307-жолдың 5-бағанының 19) тармақшасы алып тасталсын;
реттік нөмірі 308-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 40) тармақшамен толықтырылсын:
«40) «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» акционерлік қоғамына қатысты – 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін, «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамына қатысты – 2030 жылғы 30 желтоқсанға дейін, «Қазақ газеттері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 3 жыл, «Qazcontent» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл, «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл мерзімге (2026 – 2029 жылдар), «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамына қатысты –
3 жыл»;
реттік нөмірі 319-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 32) тармақшамен толықтырылсын:
«32) «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «Қазимпэкс» республикалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысты – 5 жыл, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл»;
реттік нөмірі 325-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл»;
реттік нөмірі 326-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қатысты – 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл»;
реттік нөмірі 342-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл»;
реттік нөмірі 366-жолда:
5-баған мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:
«29) «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы»;
7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
«үнемі, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамына қатысты – 3 жыл».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу