Emblem
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
ресми ақпараттық ресурсы
Menu
Emblem
Close button

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 шілдедегі №521 Қаулысы

Опубликовано: Сәрсенбі, 27 Қараша 2019

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 және «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулыларына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 тамыздағы № 513 қаулысында (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 2018 жылғы 24 тамыз):

көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушыларға жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуды аяқтаған және бұдан бұрын мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде грант алмаған Бағдарламаға қатысушылар, оның ішінде жастар, көпбалалы және табысы аз отбасылардың мүшелері, еңбек етуге қабілетті мүгедектер, сондай-ақ қоныс аударушылар мен оралмандар мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер болып табылады.»;

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар
100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі.

Жастарға, көпбалалы және табысы аз отбасыларға, еңбек етуге қабілетті мүгедектерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде беріледі.

Бұл ретте айлық есептік көрсеткіш республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған мөлшерде қолданылады.»;

12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«12. Мыналар Бағдарламаға қатысушылардың жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант алуының міндетті шарттары болып табылады:

1) «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанындағы комиссияның оң шешімінің болуы;

2) Бағдарлама шеңберінде оқуды аяқтағаны және бұрын, салалық шектеусіз жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде өтеусіз және қайтарымсыз негізде қаржылық қолдау алмағаны туралы құжаттың болуы.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға үміткер Бағдарламаға қатысушы (немесе оның нотариат куәландырған сенімхат бойынша өкілі) жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алу үшін тұратын жері бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алуға өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат, ал оралмандар үшін – оралман куәлігі (салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады);

3) әзірленген бастапқы бизнес-жоспар;

4) кәсіпкердің Бағдарлама шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кәсіпкердің атынан өтініш беру құқығына сенімхат, сенім білдірілген өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың (заңды тұлғаның атынан – заңды тұлға куәландырған) көшірмесі;

6) тұратын тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы).»;

20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20. Халықты жұмыспен қамту орталығы шарт жасасқан күннен кейін бес жұмыс күні ішінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алушының ағымдағы банктік шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады және мемлекеттік грант алған Бағдарламаға қатысушы туралы деректерді ауданның (қаланың) салық органына жібереді.»;

20-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«20-1. Бағдарламаға қатысушы мемлекеттік грантты алған күннен бастап үш ай ішінде оның нысаналы пайдаланылуын Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық органдарында өз қызметін тіркеу немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеу арқылы растайды.».;

2) «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы
№ 746 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 63,
361-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасында:

«Бағдарлама паспорты» деген 1-бөлімде 8-жол мынадай редакцияда жазылсын

«

Қаржыландыру көздері және көлемі

«1) республикалық бюджеттен қаражат:
2017 жылы – 40 347 965 мың теңге;

2018 жылы – 66 364 449 мың теңге;

2019 жылы – 130 661 407 мың теңге;

2020 жылы – 68 391 978 мың теңге;

2021 жылы – 69 041 250 мың теңге.

2) жергілікті бюджет есебінен қаражат:

2017 жылы – 45 038 436 мың теңге;

2018 жылы – 45 311 093 мың теңге;

2019 жылы – 45 453 119 мың теңге

                                                                                                                          »;

«4. Бағдарламаның мақсаты, нысаналы индикаторлары, міндеттері және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген бөлімде:

«4.3.1. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» деген бөлімде:

«2-міндет. Еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту» деген кіші бөлімде:

«2-кесте. Еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту бойынша нәтижелер көрсеткіштері» деген кестеде:

реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

1

Қысқа мерзімдік кәсіптік оқытумен қамтылған азаматтардың саны

мың адам

ЖАО есептері

26

36

100

50

56

Еңбекмині, ҰКП (келісу бойынша), ЖАО

»;

«4.3.2. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» деген бөлімде:

«1-міндет. Бағдарламаға қатысушыларды «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» деген кіші бөлімде:

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша нәтижелер көрсеткіштері» деген 4-кестеде:

реттік нөмірлері 1 және 1.1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

1

Кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткен адамдардың саны, оның ішінде:

мың адам

ЖАО есептері

15

15

75

15

15

ҰКП (келісу бойын-ша), ЖАО

1.1

NEET санатындағы жастар, жас отбасылардың, табысы аз көпбалалы отбасылардың мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер

мың адам

ЖАО есептері

-

-

20

20

20

 

»;

«2-міндет. Ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда микрокредиттер мен кепілдіктер беру арқылы кәсіпкерлік бастамаларды қолдау» деген кіші бөлімде:

«Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлік бастамаларды қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері» деген 5-кестеде:


         реттік нөмірлері 1, 1.1, 2 және 2.1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

1

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда берілген кредиттердің/ микрокредиттердің көлемі

млн. теңге

ЖАО есеп-тері

30 114

54 070

74 070

54 070

54 070

ҰЭМ, АШМ, ЖАО, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ ЕҰ (келісу бойынша), «Даму» КДП» АҚ (келісу бойынша)

1.1

әйелдер арасында кәсіпкерлікті дамытуға

млн. теңге

ЖАО есеп-тері

-

-

10 000

10 000

10 000

ҰЭМ, АШМ, ЖАО, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ ЕҰ (келісу бойынша), «Даму» КДП» АҚ (келісу бойынша)

2

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда берілген кредиттердің/ микрокредиттердің саны, кемінде, оның ішінде:

бірлік

ЖАО есеп-тері

5 800

14 000

19 000

14 000

14 000

ҰЭМ, АШМ, ЖАО

2.1

жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар, жас және табысы аз көпбалалы отбасылардың мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер, кемінде

бірлік

ЖАО есеп-тері

   

5 000

5 000

5 000

»;

«4.3.3. Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» деген бөлімде:

«1-міндет. Жұмыссыз адамдар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттарын, NEET санатындағы жастарды, табысы аз көпбалалы отбасы мүшелерін және мүгедек балаларды тәрбиелеуші адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу» деген кіші бөлімде:

«Азаматтардың белгілі бір санаттарын жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау бойынша нәтижелер көрсеткіштері» деген 6-кестеде:

реттік нөмірлері 7 және 7.1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

7

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алған адамдардың саны, оның ішінде:

мың адам

ЖАО есептері

-

3,0

37,4

14,2

14,2

Еңбекмині, ЖАО

7.1

Жастар, көпбалалы табысы аз отбасы мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектердің саны

мың адам

ЖАО есептері

-

-

9,5

10

10

»;

«5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу жолдары, тиісті шаралар:» деген бөлімде:

«5.1. Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:

«5.1.1. Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау» деген тармақта:

төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қатысу шарттары, кадрларды даярлау тетігі, стипендиямен және жол жүру ақысымен қамтамасыз ету және жобаға қатысушыларға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша, 100/200 қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.»;

он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Облыстық деңгейдегі, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары қабылданған үміткерлер жөніндегі ақпаратты (Т.А.Ә. (бар болса), ЖСН, тұратын жерінің мекенжайы) білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша, 100/200 қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша есепті айдан кейінгі айдың 3-күніне дейінгі мерзімде ай сайынғы негізде халықты жұмыспен қамту орталықтарына  (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол)ұсынады.»;

«5.1.2. Еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту» деген тармақта:

сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы ұйымдастыру тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша, 100/200 қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.»;

он сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«ТжКБ бар кадрларды даярлауды қаржыландыруды – білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.»;


         жиырма үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдары халықты жұмыспен қамту орталықтарының есептері негізінде білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша, 100/200 қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды  ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес белгіленген нысан бойынша ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қысқа мерзімді кәсіптік оқыту барысы туралы есеп береді.»;

«5.1.3. «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы шеңберінде кадрлар даярлау:» деген тармақта:

алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қатысу шарттары, кадрлар даярлау тетігі, жобаға қатысушыларды стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз ету және жобаға қатысушыларды әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну тәртібі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы, 100/200 қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.»;

«5.1.4. Еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау» деген тармақта:

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Жұмыс берушілер қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлау үшін халықты жұмыспен қамту орталығына қайта даярлауға жіберілетін жұмыскерлер санын, кәсіптер тізбесі мен оқу нысанын көрсете отырып өтінім береді. Өтінімге жұмыс берушілердің құрылтай құжаттары және қысқартылатын жұмыскерлердің құжаттары қоса беріледі, олардың тізбесі білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы бойынша, 100/200 қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында көзделген.»;

«5.2. Екінші бағыт: жаппай кәсіпкерлікті дамыту:» деген кіші бөлімде:

«5.2.2. Кәсіпкерлік бастамаларды қолдау» деген тармақта:

он алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Қалалар мен моноқалаларда кредиттер/микрокредиттер «Даму» КДҚ АҚ арқылы қорландырылатын екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ), микроқаржы ұйымдары, сондай-ақ «АШҚҚҚ» АҚ арқылы беріледі.»;

жиырма жетінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Микрокредит беру ұйымы және «АШҚҚҚ» АҚ кәсіпкерлік және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ЖАО-ға кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі ЖАО мен микрокредит беру ұйымы/«АШҚҚҚ» АҚ арасындағы кредиттік келісімде белгіленген нысанға сәйкес ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде берілген кредиттер/микрокредиттер және олардың мақсатты пайдаланылуы бойынша ақпарат (портал арқылы электрондық түрде/қолма-қол) ұсынады.»;

«5.2.5. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру» деген бөлімде:

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Табысы аз және көпбалалы отбасыларға, еңбекке қабілетті мүгедектерге және жастарға жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға мемлекеттік гранттар 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде беріледі.»;

«5.4. Төртінші бағыт: «Жастар – ел тірегі» жалпыұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыру» деген кіші бөлімде:

«5.4.2 «Жас кәсіпкер» жастар кәсіпкерлігін дамыту» деген тармақта:

он бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

«Колледждер мен ЖОО-ларда кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тәртібі  білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды, қысқа мерзімді кәсіптік оқуды, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін») жобасы, 100/200 қағидаты бойынша «Жас маман» жобасы шеңберінде еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрлар даярлауды, еңбек ресурстарын және қысқартылатын жұмыскерлерді қайта даярлауды, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарында кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларында айқындалады.»;

«Бағдарламаны институционалдық ұйымдастыру:» деген бөлімде:

«Бағдарламаны іске асыруға қажет ресурстар» деген бөлікте 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) республикалық бюджеттен 2017 жылы – 40 347 965 мың теңге,
2018 жылы – 67 392 995 мың теңге, 2019 жылы – 130 661 407 мың теңге,
2020 жылы – 68 391 978 мың теңге, 2021 жылы – 69 041 250 мың теңге көзделеді;

2) жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2017 жылы – 45 038 436 мың теңге, 2018 жылы – 45 311 093 мың теңге, 2019 жылы – 45 453 119 мың теңге көзделеді.»;

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:

«Бірінші бағыт. Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» деген бөлімде:

«2-міндет. Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие біліктіліктер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

1

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтылған азаматтардың саны

мың адам

 

 

Еңбекмині, ЖАО

26

36

100

50

56

 

 

 

»;

«Екінші бағыт. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» деген бөлімде:

«1-міндет. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірлері 1 және 1-1 жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

1

Кәсіпкерлік негіздеріне оқудан өткен адамдардың саны, оның ішінде:

мың адам

*

*

ҰКП (келісу бойынша), ЖАО

15

15

75

15

15

 

*

*

1-1

NEET санатындағы жастар, жас және табысы аз көпбалалы отбасылардың мүшелері, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектер

мың адам

*

*

ҰКП (келісу бойынша), ЖАО

 

 

20

 

 

 

 

 

»;

«2-міндет. Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда кәсіпкерлік бастамаларды қаржыландыру» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірлері 1, 1-1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

1

Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда, қалалар мен моноқалаларда берілген кредиттердің/
микрокредиттердің саны, оның ішінде:

бірлік

*

*

ҰЭМ, АШМ, ЖАО

5 800

14 000

19 000

14 000

14 000

 

*

*

1-1

жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар, жас кәсіпкерлер, жас, табысы аз, көпбалалы отбасылардың мүшелері,  еңбекке қабілетті мүгедектер, кемінде

бірлік

*

*

ҰЭМ, АШМ, ЖАО

   

5000

5000

5000

 

*

 

2

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алған адамдардың саны, оның ішінде:

мың адам

*

*

Еңбекмині, ЖАО

-

3,0

37,4

4,2

4,2

 

*

*

                                                                                                                    »;


          мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1-2-жолмен толықтырылсын:

«

1-2

Қалалар мен  моноқалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу

 

Ұлттық экономика министрінің бұйрығы

2019 жылғы тамыз

ҰЭМ, «Даму» КДҚ» АҚ, «АШҚҚҚ» АҚ (келісу бойынша)

 

 

 

 

 

 

талап етілмейді

 

                                                                                                                 ».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі                                                    А. Мамин

 

 


Жаңалықтар тізбегі
10 Тамыз 2020, 11:20
11 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
09 Тамыз 2020, 08:59
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №72
08 Тамыз 2020, 16:23
А. Маминнің Ақкөл қаласына жұмыс сапары: «ақылды қалалар» мен ҚР ғарыштық байланыс жүйесін дамыту
07 Тамыз 2020, 18:38
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады
07 Тамыз 2020, 18:12
Қазақстан Президенті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады
07 Тамыз 2020, 17:56
Үкіметте кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды
07 Тамыз 2020, 11:19
Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен бəсекеге қабілеттігін арттыру — Ұлттық сертификаттау жүйесі қалай дамуда
07 Тамыз 2020, 09:22
Ералы Тоғжанов Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі кеңес отырысын өткізді
06 Тамыз 2020, 10:46
Қазақстанда 2020 жылдың жарты жылында автомобиль көлігімен шамамен 1,4 млрд тонна жүк тасымалданды
05 Тамыз 2020, 20:13
ВАК-та «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламаларын іске асырудың алдын ала қорытындылары қаралды
05 Тамыз 2020, 17:31
Мемлекет басшысы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады
05 Тамыз 2020, 17:24
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 5 тамыздағы №498 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 16:54
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 тамыздағы №495 Қаулысы
05 Тамыз 2020, 13:01
ҚР Премьер-Министрі А. Маминге «СҚ-Фармация» COVID-19-бен күресуде дәрі-дәрмектермен қамту шаралары туралы баяндады 
04 Тамыз 2020, 19:52
Ведомствоаралық комиссия Қазақстанның COVID-19-дан егілуге үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізу мәселесін қарастырды
04 Тамыз 2020, 11:32
ҚР Үкіметінің отырысы, 04.08.2020
04 Тамыз 2020, 11:22
Оқу жылының басынан бастап 2,6 млн оқушы қашықтан оқыту форматында білім алады — ҚР БҒМ 
04 Тамыз 2020, 10:11
Үкімет жаңа оқу жылының қарсаңында аса мұқтаж отбасылардан шыққан 500 мың оқушыны компьютермен қамтамасыз етеді
04 Тамыз 2020, 10:03
Қазақстанда COVID-19-бен күресуде оң динамика байқалуда
04 Тамыз 2020, 10:02
Қазақстанда COVID-19-бен сырқаттанудың тәуліктің өсімі орта есеппен бір жарым есеге жуық төмендеді
04 Тамыз 2020, 09:56
Қазақстанда 4 422 мектеп 8 Мбит-тан жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілген
03 Тамыз 2020, 18:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады
03 Тамыз 2020, 14:20
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
03 Тамыз 2020, 14:10
2021 жылы ТҚЖБ ипотеканы онлайн-режимде беруді жоспарлап отыр
03 Тамыз 2020, 12:52
4 тамыз күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
03 Тамыз 2020, 10:47
Шахмардан Байманов ҚР АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды
03 Тамыз 2020, 09:32
Әнуар Жұмаділдаев ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің төрағасы болып тағайындалды
02 Тамыз 2020, 20:14
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Жақсылық Үшкемпіровтің жақындарына көңіл айтты
02 Тамыз 2020, 17:23
Видеодайджест: «Аптаның айшықты оқиғалары» №71
31 Шілде 2020, 08:29
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады
31 Шілде 2020, 08:11
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
30 Шілде 2020, 18:30
Ербол Оспанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 16:04
Аллен Шәйжүнісов «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
30 Шілде 2020, 13:09
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин бизнесті қолдау бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды
30 Шілде 2020, 10:33
Егіннің түсімділігін арттыру, фитосанитарлық қауіпсіздік және ғылыми кадрлар даярлау - Қазақстанда аграрлық ғылым қалай дамуда
30 Шілде 2020, 08:58
Р. Склярдың Татарстанға жұмыс сапары: бірлескен өндірістер құру және инвестициялық жобаларды іске асыру
29 Шілде 2020, 20:56
Ведомствоаралық комиссия Мемлекет басшысының тапсырмаларын ерекше бақылауға алды
29 Шілде 2020, 16:57
ШОБ-ты несиелендіруді арттыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік төлемдер төлеу — Р. Дәленов экономиканы қолдау шаралары туралы 
29 Шілде 2020, 12:11
Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру жөнінде кеңес өткізді
28 Шілде 2020, 19:03
ҚР Премьер-Министрі А. Мамин Қызылорда облысының даму мәселелері жөнінде кеңес өткізді 
28 Шілде 2020, 17:32
Тиімді шарттармен ипотека беру және қолжетімді баспана салу — Қазақстанда тұрғын үй құрылысы қалай дамуда
28 Шілде 2020, 14:49
ҚР Үкіметінің отырысы, 28.07.2020
28 Шілде 2020, 11:17
Пандемия кезінде интернет пен электрондық мемлекеттік қызметтер бірінші сатыдағы қажеттілікке айналды — Б. Мусин
28 Шілде 2020, 10:20
2020 жылдың І жартыжылдығында электронды сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады
28 Шілде 2020, 10:13
Биыл бірінші жартыжылдықта Қазақстанда электронды сауда көлемі бір жарым есе өсті
28 Шілде 2020, 10:06
Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақталуда
28 Шілде 2020, 10:00
Қазақстанда карантин енгізілгеннен бастап КВИ жағдайларының 29%-ға төмендегені тіркелді
27 Шілде 2020, 13:01
28 шілде күні Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді
27 Шілде 2020, 12:12
Алматыда медициналық көмек көрсету тәсілдерін өзгерту төсек-орын қорының жүктемесін азайтты — К. Надыров
27 Шілде 2020, 12:05
Алматыда реаниматологтардың көшпелі мобильді топтарының іске қосылуына байланысты COVID-19-дан өлім-жітім саны азайды
Депутаттық сауал
© 2019 - 2020 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі.
SoftDeCo компаниясының жобасы.