Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 тамыздағы №559 Қаулысы

«Адвокат көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің, құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 834 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Адвокат көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің, құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 834 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшерін бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған адвокат, заң консультанты көрсеткен, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеудің және құқықтық консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері (бұдан әрі – ақы төлеу мөлшері) бекітілсін.»;

көрсетілген қаулы осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы қаулы ақы төлеу мөлшері 2022 жылғы 20 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақты қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                              Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу