Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 тамыздағы №656 қаулысы

«Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы №392 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысанын және оны толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 маусымдағы № 392 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 248, 250, 261, 273 және 275-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысаны осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысаны осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжаттың нысаны осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеудің шарттары туралы құжатты толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы құжатты толтыру мен беру, оған өзгерістер (толықтырулар) енгізу, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау, сондай-ақ тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 248, 250, 261, 273 және 275-бабына сәйкес әзірленді және тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында/аумағынан тыс қайта өңдеу және ішкі тұтыну, оны кері қайтарып алу (жою) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастау үшін қайта өңдеудің кедендік рәсімдерімен орналастыру кезінде тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты (бұдан әрі – қайта өңдеу шарттары туралы құжат) толтыру мен беру, тауарларды қайта өңдеу мерзімін ұзарту, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында қайта өңдеу және тауарларды ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу бойынша операциялар нәтижесінде түзілген қалдықтарды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп тану тәртібін айқындайды.»;

5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1, 2 және 3-нысандар бойынша толтырылған қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге арналған өтініш;»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге арналған өтініш қағаз жеткізгіште ұсынылған кезде ұсынылған құжаттар көшірмелерінің әрбір парағы басшысының не оны алмастыратын тұлғаның қол қоюымен, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтініш берушінің мөрі болса, оның мөрімен куәландырылады.

Бұл ретте өңдеу шарттары туралы құжаттарды беруге арналған өтініш қағаз жеткізгіште ұсынылған кезде құжаттардың көшірмелерін өтініш берушінің мөрімен растау туралы талап жеке кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларға қолданылмайды.»;

7-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 1, 2 және 3-нысандар бойынша толтырылған өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;»;

8-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұсынылған құжаттар топтамасы толық болмаған және (немесе) құжаттардың қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда уәкілетті орган қағаз жеткізгіште өтініш жүгінген кезде бергенде көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжді бас тарту береді, портал арқылы өтініш берген кезде уәжді бас тарту басшының немесе оның орынбасарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында олардың «жеке кабинетіне» жіберіледі.»;

12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге арналған өтініш уәкілетті органның өңдеу шарттары туралы құжатты беруден бас тарту себептері жойылғаннан кейін қайта жіберіледі, ол осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қаралады.»;

13-тармақтын бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Қағаз жеткізгіште берілген қайта өңдеу шарттары туралы құжат жоғалып немесе бүлініп қалған кезде уәкілетті орган өтініш берушінің уәжді жазбаша өтініші бойынша қайта өңдеу шарттары туралы құжаттың телнұсқасын береді, оның өң жақ бетіне «Телнұсқа» деп жазылады. Бұл ретте телнұсқаның сырт жақ бетіне телнұсқаны беретін тұлғаның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі, оған басшы немесе оның орынбасары не оларды алмастыратын тұлғалар қол қояды және уәкілетті органның мөрімен расталады.»;

14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Уәкілетті орган:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға ретінде тіркелген өтініш берушінің құрылтай құжаттарына өзгерістер (толықтырулар) енгізілген не жеке кәсіпкер болып табылатын өтініш берушінің жеке басын куәландыратын мәліметтер өзгерген;

2) қайта өңдеу шарттары туралы құжатты беруге негіз болған тауарларды иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжатқа (құжаттарға), оның (олардың) қосымшаларына (толықтыруларына) өзгерістер (толықтырулар) енгізген;

3) шетелдік тауарлардың және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақ тауарларының және ЕАЭО СЭҚ ТН-ға сәйкес олардың қайта өңделген өнімдерінің атауы мен жіктемесін, сондай-ақ олардың мөлшері мен құнын растайтын құжатқа өзгерістер (толықтырулар) енгізілген;

4) қайта өңделген өнімдерінің сандық және (немесе) пайыздық мәндегі шығу нормаларын есептеу кестесіне өзгерістер (толықтырулар) енгізілген кезде өтініш берушінің уәжді жазбаша өтініші не өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы уәжді өтініші бойынша қайта өңдеу шарттары туралы құжатта көрсетілген мәліметтерді өзгертеді (толықтырады).»;

17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17. Уәкілетті орган:

1) өтініш беруші көрінеу жалған мәліметтер ұсынған;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;

3) өтініш беруші еркін нысанда жазбаша немесе электрондық түрде уәжді өтініш берген;

4) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган уәжді өтініш берген кезде қайта өңдеу шарттары туралы құжатты кері қайтарып алады (жояды) және (немесе) оның қолданылуын қайта бастайды.»;

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз деп танылған қалдықтармен жұмыс істеу Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау, ветеринария және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы заңнамасымен реттеледі.»;

көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:

3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі:»;

көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                   О. Бектенов

 

1-қосымша

2-қосымша

3-қосымша

4-қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу