Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 701 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай картасын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 ақпандағы №187 және «Басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы №187 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №1355 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы №187 қаулысы;

2) «Басым тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы
№ 187 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 1355 қаулысы.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                          Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу