18 Наурыз 2022, 09:33
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы №71 қаулысына толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесiн бекiту туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы №592 және «Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы» 2011 жылғы 8 қарашадағы №1309 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
16-тармақта:
орталық аппараттың функциялары:
мынадай мазмұндағы 39-1) және 39-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«39-1) кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесiн бекiту;
39-2) кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту;».
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Кәмелетке толмағандарды арнаулы бiлiм беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдарында бағып-күтуге және оқытуға кедергi болатын аурулардың тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 13 маусымдағы № 592 қаулысы;
2) «Кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарының тізімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 1309 қаулысы.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу