Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы №131 Қаулысы

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №701 қаулысына толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы
23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ережеде:

16-тармақта:

мынадай мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:

«36-1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жедел резерві материалдық құндылықтарының номенклатурасы мен көлемін айқындайды;»;

мынадай мазмұндағы 71-1) тармақшамен толықтырылсын:

«71-1) медициналық мекемелер мен оңалту орталықтары базасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалту қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;

мынадай мазмұндағы 89-1) тармақшамен толықтырылсын:

«89-1) өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;».

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                           Ә. Смайылов

 

Қосымша

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу