Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 маусымдағы №482 қаулысы

Келісімшарттық қызметшілерді тарту қағидаларын, келісімшарттық қызметшілер тартылатын жобалардың түрлерін, еңбекке ақы төлеу шарттары мәселелерін және олардың қызметін реттеудің өзге де мәселелерін бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-1-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Келісімшарттық қызметшілерді тарту қағидалары, келісімшарттық қызметшілер тартылатын жобалардың түрлері, еңбекке ақы төлеу шарттары мәселелері және олардың қызметін реттеудің өзге де мәселелері бекітілсін.

2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының 

Премьер-Министрі                                                                         Ә. Смайылов 

 

қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу