Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы №667 Қаулысы

«Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы №127 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2020 ж., № 10-11, 78-құжат) мынадай өзгерісенгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік сатып алудың арнайы тәртібіосы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен (келісу бойынша), орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі   А. Мамин

Қосымша 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу