Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 16 қарашадағы №906 қаулысы

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы

 

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 8,5 пайызға арттыру жүргізілсін. 

2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                 Ә. Смайылов

 

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу