Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 наурыздағы №135 Қаулысы

Қауіпті және басқа да қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттеу қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Экология кодексі 346-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қауіпті және басқа да қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттеу қағидалары бекітілсін.

2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 шілдедегі № 594 қаулысы;

2) «Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 шілдедегі № 594 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1535 қаулысы.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                        Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу