Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 17 сәуірдегі №290 қаулысы

«Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 710 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

 

          Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 2 қыркүйектегі № 710 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген аудандық маңызы бар қалалар мен аудан орталықтарына арналған өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеуде қолданылатын объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) тізбесі, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен көліктік, мәдени-бос уақыт өткізетін, спорттық, инженерлік, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсеткіштері:

мынадай мазмұндағы «13. Агробизнес инфрақұрылымы» деген бөліммен толықтырылсын:

«

13.

Агробизнес инфрақұрылымы

 

13.1

Мал сою пункті*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

13.2

Етті қайта өңдейтін мал сою пункті*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

13.3

Шағын өнеркәсіптік аймақтар*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

13.4

Сервистік-дайындау орталықтары*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

                                                                                                                            »;

көрсетілген қаулымен бекітілген ауылдық округтердің орталықтары мен тірек ауылдық елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеуде қолданылатын объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) тізбесі, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен көліктік, мәдени-бос уақыт өткізетін, спорттық, инженерлік, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсеткіштері:

мынадай мазмұндағы «12. Агробизнес инфрақұрылымы» деген бөліммен толықтырылсын:

«

12.

Агробизнес инфрақұрылымы

 

12.1

Мал сою пункті*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

12.2

Етті қайта өңдейтін мал сою пункті*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

12.3

Шағын өнеркәсіптік аймақтар*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

12.4

Сервистік-дайындау орталықтары*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

                                                                                                                            »;

көрсетілген қаулымен бекітілген қалған ауылдық елді мекендер мен кенттерге арналған өңірлік стандарттар жүйесін әзірлеуде қолданылатын объектілер мен көрсетілетін қызметтердің (игіліктердің) тізбесі, сондай-ақ олардың қолжетімділігі мен көліктік, мәдени-бос уақыт өткізетін, спорттық, инженерлік, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі цифрлық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу көрсеткіштері:

мынадай мазмұндағы «11. Агробизнес инфрақұрылымы» деген бөліммен толықтырылсын:

«

11.

Агробизнес инфрақұрылымы

 

11.1

Мал сою пункті*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

11.2

Етті қайта өңдейтін мал сою пункті*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

11.3

Мал бордақылау алаңдары*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

11.4

Шағын өнеркәсіптік аймақтар*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

11.5

Сервистік-дайындау орталықтары*

Елді мекеннің қажеттілігіне қарай*

                                                                                                                            ».

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                           О. Бектенов                                          

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу