Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «17» маусымдағы № 453 қаулысы

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2015 – 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

 

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының   Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған:

1) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2015 – 2016 оқу              жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға        2015 – 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандар даярлауға         2015 – 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;

4) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға                          2015 – 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы                бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу  орнынан кейінгі білімі бар, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

         3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күніненкейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының   Премьер-Министрі                          К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу