Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 18 қаңтардағы №26 қаулысы

«Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

«8. Абай облысы.»;

көрсетілген қаулыға 2-қосымша мынадай мазмұндағы 7 және 8-тармақтармен толықтырылсын:

«7. Абай облысы.

8. Ұлытау облысы».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                  Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу