Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы №80 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1564 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылға 7 желтоқсандағы № 1564 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: 
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларында: 
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
«2) арнаулы (әскери) оқу мекемелерінің казармалық жағдайдағы курсанттары, тыңдаушылары;». 
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

Қазақстан Республикасының
                   Премьер-Министрі                                                      Б. Сағынтаев

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу