Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 наурыздағы №194 қаулысы

Мемлекеттік мекеменің мүлкін әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін, сондай-ақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға беру қағидаларын бекіту туралы

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 161-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекеменің мүлкін әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін, сондай-ақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                     О. Бектенов

 

Ереже

Қосымша

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу