22 Қараша 2024, 12:40
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап арттыру туралы
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 11-бабының
2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттіліктен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап алынатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен
6,5 пайызға арттыру жүргізілсін.
2. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу