Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «20» қаңтардағы № 20 қаулысы

 

«Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1107 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 қазандағы № 1107 қаулысына                (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 64, 589-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және                  ресми жариялануға тиіс.

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының                                          аумағындағы халықаралық мамандандырылған көрме объектілерін жобалау                      және (немесе) салу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 8, 9, 10 және 11-жолдармен толықтырылсын:

«

8.

«КАЗГИПРОНЕФТЕТРАНС»ИНЖИНИРИНГ КОМПАНИЯСЫ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жобалау

9.

«TURKUYAZ-YDASTROY» (ТУРКУАЗ-ИДА СТРОЙ) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Құрылыс

10.

«САЭС СРЕДАЗЭНЕРГОСТРОЙ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Құрылыс

11

«RONA LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жобалау

                                                                                                                   ».

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу