Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 10 Қаулысы

Құрылысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған арнайы экономикалық аймақтар мен объектілер қызметінің басым түрлерінің тізбелерін, сондай-ақ Қызметтің басым түрлерін арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерінің тізбесіне және құрылыс объектілерін құрылысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілер тізбесіне қосу қағидаларын бекіту туралы


2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 
(Салық кодексі) 150-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерінің тізбесі;
2) құрылысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілер тізбесі;
3) Қызметтің басым түрлерін арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерінің тізбесіне және құрылыс объектілерін құрылысы арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басым түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілер тізбесіне қосу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі                           Б. Сағынтаев

 

Приложение

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу