28 Қаңтар 2025, 16:56
«Көлік саласындағы лицензиарларды, екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 114 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Көлік саласындағы лицензиарларды, екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдарды айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 ақпандағы № 114 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті:
теміржол көлігі саласындағы жүктерді тасымалдау бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып»;
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті, Теміржол және су көлігі комитеті:
осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес автомобиль, су және теміржол көлігі саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдар болып;»;
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-1-жолмен толықтырылсын:
«
5-1. |
Техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсат беру |
Техникалық қарап-тексеру операторының қызметіне рұқсат |
»;
реттік нөмірі 14-жол алып тасталсын.
2. Осы қаулы 2025 жылғы 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу