Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 ақпандағы №122 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағатының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

 «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.  Қоса беріліп отырған:

1)  «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөлімшелерінің шегінде мұрағаттық анықтамаларды және/немесе мұрағаттық құжаттардың көшірмелерін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2)  «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі арнайы мемлекеттік мұрағаты мен оның аумақтық бөлімшелерінен шығатын мұрағаттық  анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшірмелеріне апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2.  «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту және «Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыруды талап етудің күшін жоятын конвенция (Гаага, 1961 жылғы 5 қазан) ережелерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгеріс       енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы  № 833 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 58,  799-құжат) 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он   күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                         С. Ахметов

 

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу