27 Қараша 2019, 00:41
Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына 2019 жылға арналған ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы
3-1-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Арақтарға және айрықша арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына 2019 жылға арналған ең төмен бөлшек сауда бағалары литріне 1 923 теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу