Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 мамырдағы №523 Қаулысы

«Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік органдарға қажетті есептілікті Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру қағидаларын, сондай-ақ есептіліктің тізбесін, нысандарын және орналастыру кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1384 қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1126-құжат)
мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілгенМемлекеттік органдарға қажетті
есептіліктің тізбесі және оны Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастыру кезеңділігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда
жазылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қорының интернет-ресурсына орналастырылатын мемлекеттік органдарға қажетті есептілік нысандарында:

1, 2, 3, 4 және 5-нысандар алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                       К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу