Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 тамыздағы №657 қаулысы

«Жекешелендірудің 2021–2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Жекешелендірудің 2021–2025 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 908 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың басым тәртіппен бәсекелес ортаға беру ұсынылатын ірі еншілес, тәуелді ұйымдарының тізбесінде:

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы» деген бөлімде реттік нөмірі 9-1.7-1-жол алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                      О. Бектенов

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу