Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 қарашадағы №932 қаулысы

Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

 

 

«Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын іске асыруға уәкілеттік берілген ұлттық даму институттарының және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                               Ә. Смайылов

 

тізбе

 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу