Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 желтоқсандағы №1041 қаулысы

Ақмола облысы Қосшы қаласының шекарасын белгілеу туралы

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақмола облысы Қосшы қаласының шекарасын белгілеу туралы «Ақмола облысы Қосшы қаласының шекарасын белгілеу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 23 қарашадағы № А-11/554 бірлескен қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы №7С-22-3 шешіміне келісім берілсін.

         2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                    Ә. Смайылов

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу