Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 720 қаулысы

«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы № 36 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қаңтардағы
    № 36 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

преамбула мынадай редакцияда жазылсын:

«Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Дактилоскопиялық және геномдық тіркеуді жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және дактилоскопиялық және (немесе) геномдық тіркеуді жүргізуге, дактилоскопиялық және геномдық ақпаратты жинауға, өңдеуге және қорғауға, биологиялық материалды іріктеуге, пайдалануға, адамның жеке басын анықтауға немесе растауға уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.»;

5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) мыналардың:

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу үшін жүгінген;

Қазақстан Республикасына жұмыс беруші жеке тұлғаларда
үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) мақсатында үй жұмыскерлері ретінде келген;

Қазақстан Республикасының визасын ресімдеген кезде;

мыналарды:

шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын;

азаматтығы жоқ адамның куәлігін;

босқын куәлігін;

жол жүру құжатын бірінші рет ресімдеген, сондай-ақ қалпына келтірген, ауыстырған жағдайларда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпаратын жинауды жүзеге асырады.»;

13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеу кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта  көрсетілсе), тегі;

2) туған күні мен жері;

3) жынысы;

4) қай ұлтқа жататыны (иесінің қалауы бойынша);

5) азаматтығы;

6) фотосуреті;

7) қолдарының он саусағының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;

8) құжаттың берілген күні, нөмірі, қолданылу мерзімі;

9) құжат иесінің қолтаңбасы;

10) жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);

11) дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;

12) құжатты берген органның атауы;

13) дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі.

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат ресімдеген кезде:

1) тұрақты тұру жоспарланып отырған жердің мекенжайы;

2) тұрақты тұруға өтінішті қараған органның атауы қосымша енгізіледі.

14. Қазақстан Республикасының визасын ресімдеген кезде шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта  көрсетілсе), тегі;

2) туған күні;

3) жынысы;

4) қолдарының он саусағының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;

5) азаматтығы;

6) фотосуреті;

7) құжаттың берілген күні, нөмірі, қолданылу мерзімі;

8) визаның берілген күні, қолданылу мерзімі;

9) дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;

10) визаны берген органның атауы;

11) дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі.»;

мынадай мазмұндағы 14-1 және 14-2-тармақтармен толықтырылсын:

«14-1. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру кезінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта  көрсетілсе), тегі;

2) туған күні;

3) жынысы;

4) екі қолының он саусағының және алақанының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;

5) азаматтығы;

6) фотосуреті;

7) шетелде тұрақты тұратын жерінің толық мекенжайы;

8) Қазақстан Республикасында уақытша тұратын мекенжайы;

9) жұмыс берушінің мекенжайы;

10) жеке басты куәландыратын құжатының нөмірі, құжат берілген күн, қолданылу мерзімі;

11) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттың берілген күні, қолданылу мерзімі;

12) дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;

13) дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі.

14-2. Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберілетін не Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардың күші қолданылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың дактилоскопиялық ақпараты мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта  көрсетілсе), тегі;

2) туған күні;

3) жынысы;

4) екі қолының он саусағының және алақанының папиллярлық бедері құрылымының ерекшеліктері туралы ақпарат;

5) азаматтығы;

6) фотосуреті;

7) құжаттың берілген күні, нөмірі, қолданылу мерзімі;

8) дактилоскопиялық тіркеу жүргізілген күн мен негізі;

9) дактилоскопиялық тіркеуді жүзеге асырған адамның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі;

10) Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберілетін күн мен негіздері (заңды күшіне енген сот үкімі немесе шешімі);

11) өткенге дейін сот Қазақстан Республикасының аумағына кіруге тыйым салуды белгілеген күн.»;

мынадай мазмұндағы 21-1 және 21-2-тармақтармен толықтырылсын:

«21-1. Осы Қағидалардың 5 және 6-тармақтарында көрсетілген, бұрын дактилоскопиялық тіркеуден өткен адамдар верификациялау рәсімінен өтеді.

21-2. Верификациялау дактилоскопиялық сканердің төсеніш шынысына төрт саусақты (сұқ, ортаңғы, атаусыз саусақ пен шынашақты) бір уақытта қою арқылы боялмайтын әдіспен жүзеге асырылады, содан кейін сол және оң қолдардың бас бармақтарының таңбасы кезекпен қойылады. Екі қолдың саусақтары болмаған жағдайда сол және оң қолдарының алақандары кезекпен қойылады.

Жеке тұлға саусақтарының және (немесе) алақандарының папиллярлық бедері жеке басын куәландыратын құжатта не «ЖБС» ААЖ дерекқоры бойынша орналастырылған дактилоскопиялық ақпаратпен сәйкес келген кезде одан әрі құжаттандыру рәсімінен өтеді.

Жеке тұлға саусақтарының және (немесе) алақандарының папиллярлық бедері жеке басын куәландыратын құжатта не «ЖБС» ААЖ дерекқорында орналастырылған оның дактилоскопиялық ақпаратымен сәйкес келмеген жағдайда жеке тұлға осы Қағидалардың 22-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қайтадан дактилоскопиялаудан өтуге тиіс не оған осы Қағидалардың
126, 127 және 128-тармақтарында көзделген тексеру іс-шаралары жүргізіледі.»;

23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«23. Дактилоскопиялау немесе верификациялау алдында тіркелетін адамның қолдарында ашық жараның бар-жоғы, қолдың таза және құрғақ болуы қаралады.

Тіркелетін адамда мыналар анықталған кезде:

ашық жара – осы Қағидалардың 19, 20 және 21-тармақтарында көзделген
іс-әрекеттер жүргізіледі;

қолдың айтарлықтай лас болуы – оларды санитариялық-гигиеналық құралдармен өңдеу арқылы жоюға мүмкіндік беріледі.

Дактилоскопиялауды жүргізген кезде мынадай талаптардың сақталуы қамтамасыз етіледі:

тіркелетін адамның саусақтарын дактилоскопиялық сканердің төсеніш шынысының, бояу жағуға арналған боялған металл немесе шыны тілімшенің (бұдан әрі – тілімше) бетінен және дактилоскопиялық картаның үстінен үйкемей біркелкі басып түсіру;

таза білікше мен тілімшелерді пайдалану.»;

мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

«26-1. Дактилоскопиялау немесе верификациялау нәтижесі осы Қағидаларға 3-1-қосымшаға сәйкес еңбекші көшіп келушіге берілетін дактилоскопиялаудан немесе верификациялаудан өткені туралы қағаз форматтағы анықтамамен ресімделеді, бұл туралы көші-қон қызметінің қызметкері «ХҚЖ» АӨЖ-ге белгі қояды.

Бұрын дактилоскопиялаудан өткен адамдардың сауалнамалық деректері сәйкес келмеген жағдайда көші-қон қызметінің қызметкері екі жұмыс күні ішінде ішкі істер органдарының мүдделі бөлімшелерін осы Қағидалардың 126, 127 және 128-тармақтарында көзделген тексеру іс-шараларын жүргізу туралы хабардар етеді.»;

39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«39. Қазақстан Республикасы азаматының дактилоскопиялық ақпаратын «ЖБС» ААЖ дерекқорында сақтау оның қайтыс болу фактісі анықталғаннан кейін ол жүз жасқа толған күнге дейін жүзеге асырылады.»;

53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«53. Дактилоскопиялық ақпаратты жою актісінде мынадай деректер көрсетіледі:

1) дактилоскопиялық ақпарат жойылған күн, негізі;

2) тіркелген адамның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, жынысы, туған күні және жері, жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса), жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі;

3) жою тәсілі;

4) дактилоскопиялық ақпаратты жоюды жүзеге асырған қызметкерлердің аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, лауазымы мен қолтаңбасы.»;

67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«67. Сотталған адамның биологиялық материалына ақпараттық карта мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, азаматтығы, жынысы, туған күні және жері, тұрғылықты жері немесе болатын жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке сәйкестендіру нөмірі
(бар болса) немесе тіркелетін адам туралы деректер алынған жеке басты куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі;

2) геномдық тіркеу үшін биологиялық материал алуды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бөлімшесінің атауы;

3) геномдық тіркеу үшін биологиялық материал алу жүргізілген күн
мен негізі;

4) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің адамды соттауға негіз болған бабы;

5) биологиялық материал алуды жүзеге асырған лауазымды адамның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, лауазымы мен қолтаңбасы;

6) кәмелетке толмаған адамды қоспағанда, геномдық тіркеу үшін биологиялық материал алу жүргізілген адамның қолтаңбасы (тіркелетін адам ақпараттық картаға қолтаңбасын қоюдан бас тартқан кезде картада бұл туралы жазба жасалады);

7) кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің қолтаңбасы.»;

70-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті геномдық тіркеуге жататын сотталған адамдарды анықтауды және есепке алуды»;

76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«76. Хабарсыз кеткен азаматтың биологиялық туысының биологиялық материалына ақпараттық карта мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, азаматтығы, жынысы, туған күні және жері, тұрғылықты жері немесе болатын жері бойынша тіркеу туралы мәліметтер, жеке сәйкестендіру нөмірі
(бар болса) немесе тіркелетін адам туралы деректер алынған жеке басты куәландыратын құжаттың атауы мен нөмірі;

2) геномдық тіркеу үшін биологиялық материал алуды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бөлімшесінің атауы;

3) геномдық тіркеу үшін биологиялық материал алу жүргізілген күн
мен негізі;

4) биологиялық материал алуды жүзеге асырған лауазымды адамның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, лауазымы мен қолтаңбасы;

5) кәмелетке толмаған адамды қоспағанда, геномдық тіркеу үшін биологиялық материал алу жүргізілген адамның қолтаңбасы;

6) кәмелетке толмаған адамның заңды өкілінің немесе сот шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз деп танылған адамның қорғаншысының қолтаңбасы.»;

82-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«82. Жеке басы анықталмаған адамдардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында алынған биологиялық материалдарына анықтау, тергеу органдары осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес ақпараттық карта толтырады, ол мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) геномдық тіркеу үшін биологиялық материал алуды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бөлімшесінің атауы;

2) биологиялық материал алу жүргізілген күн мен негізі, қылмыстық істің нөмірі немесе ақпаратты есепке алу кітабындағы тіркеу нөмірі;

3) әрекеттің саралануы, қылмыс жасалған күн мен орны;

4) лауазымды адамның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, лауазымы және қолтаңбасы.

Ақпараттық картаға тергеу амалы барысында биологиялық материалды алу (мысалы: оқиға болған жерді қарап-тексеру, қарау, куәландыру) хаттамасының көшірмесі қоса беріледі.»;

85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«85. Анықтау, тергеу органдары танылмаған мәйіттердің биологиялық материалдарына осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес толтырылған ақпараттық картаны қоса береді, ол мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) геномдық тіркеу үшін биологиялық материал алуды жүзеге асыратын мемлекеттік орган бөлімшесінің атауы;

2) биологиялық материал алу жүргізілген күн мен негізі, қылмыстық істің нөмірі немесе ақпаратты есепке алу кітабындағы тіркеу нөмірі;

3) әрекеттің саралануы, қылмыс жасалған күні және орны;

4) лауазымды адамның аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегі, лауазымы мен қолтаңбасы;

5) танылмаған мәйіт табылған күн мен орны, жынысы, ерекше белгілері және қайтыс болу себептері (бар болса).

Ақпараттық картаға процестік әрекет хаттамасының көшірмесі қоса беріледі.»;

123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«123. Геномдық ақпаратты Ішкі істер министрлігі
жедел-криминалистикалық бөлімшесінің уәкілетті қызметкері бөлімше басшысы бекіткен акт бойынша:

1) геномдық ақпарат жойылған күнді және негізін;

2) геномдық ақпараттың тіркеу нөмірін;

3) тіркелген адамның атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегін, жынысын, туған күні мен жерін, жеке сәйкестендіру нөмірін (бар болса), жеке басын куәландыратын құжатының нөмірін;

4) жою тәсілін;

5) геномдық ақпаратты жоюды жүзеге асырған лауазымды адамдардың атын, әкесінің атын (егер олар жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тегін, лауазымы мен қолтаңбасын, уәкілетті бөлімшенің атауын көрсетіп жояды.

Танылмаған мәйіттің геномдық ақпаратын жою актісінде анықтау, тергеу органының атауы және геномдық тіркеуге бастамашы болған лауазымды адам, қылмыстық істің нөмірі, әрекеттің саралануы, танылмаған мәйіт табылған күн және орны көрсетіледі.».

осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға 3-1-қосымшамен толықтырылсын;

көрсетілген Қағидаларға 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-қосымшалар осы қаулыға 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 және 11-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін
    1-тармақтың жетінші – тоқсан жетінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                Ә. Смайылов

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу