Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 қазандағы №843 қаулысы

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы

 

«Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы№877 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2022 жылғы 5 сәуірдегі № 45 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін жекелеген доңғалақты көлік құралдарына қатысты міндетті талаптарды қолдану және олардың сәйкестігіне бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі осы қаулыға сәйкес сәйкестікті бағалаудан өткен көлік құралдарын бастапқы мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылады.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                  Ә. Смайылов

 

Ережелер

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу