Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 22 қарашадағы №997 қаулысы

«Республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 932 қаулысына өзгерістер енгізу және «Экологиялық, ғылыми және мәдени ерекше маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектілерінің тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 521 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 932 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Экологиялық, ғылыми және мәдени ерекше маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 521 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-министрі                                                           О. Бектенов

 

 

Қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу