Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 қаңтардағы №30 қаулысы

«Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №13 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Инвестицияларды мемлекеттік қолдауды іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №13 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесінде:

«1-бөлім. Инвестициялық жобаларды, (соның ішінде инвестициялық басым жобаларды), арнайы инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған қызметтің басым түрлерінің тізбесі» деген бөлімде: 

мына:

«

55

Тұруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер

55.1

Қонақүйлердің қызметтерін ұсыну

55.10

Қонақүйлердің қызметтерін ұсыну

55.3

Кемпингте алаңдар, рекреациялық автопарктер және трейлерлік парктерде тұру үшін көрсетілетін қызметтер

55.30

Кемпингте алаңдар, рекреациялық автопарктер және трейлерлік парктерде тұру үшін қызметтер

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

55

Уақытша тұру жөнінде қызметтер көрсету

55.1

Қонақүйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызметтер көрсетуі

55.10

Қонақүйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызметтер көрсетуі

55.3

Кемпингтердің, тұрақтардың тұруға арналған автофургондар мен автотіркемелерге қызметтер көрсетуі

55.30

Кемпингтердің, тұрақтардың тұруға арналған автофургондар мен автотіркемелерге қызметтер көрсетуі

55.9******

Тұруға арналған өзге де орындардың қызметтер көрсетуі 

55.90

Тұруға арналған өзге де орындардың қызметтер көрсетуі

»;

мына:

«

68

Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар

68.2

Жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару

68.20

Көрме залдарын, қоймалық үй-жайларды және жерді қоса алғанда, тұруға арналмаған ғимараттарды қоспағанда, жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару

»

деген жол алып тасталсын;

мына:

«

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

86.1

Аурухана ұйымдарының қызметі

86.10

Аурухана ұйымдарының қызметі

»

деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

«

91*******

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызмет

91.0

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызмет

91.02

Музейлердің қызметі

»;

ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

«Ескертпе:

* 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ақ қант (СЭҚТН коды 170199) кедендік әкелу бажынан босатылмайды;

** 2019 жылғы қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда орналасқан;

*** 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген, республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдардың жол маңындағы жолағында орналасқан;

**** темір кені концентраты және (немесе) шекемтастар өндірісіне ғана қатысты;

***** тас көмірді байытуға ғана қатысты;

****** студенттерге, магистранттар мен докторанттарға арналған жатақханалар салу бойынша мемлекеттік заттай грант түрінде инвестициялық преференция алуға ғана қатысты;

******* мемлекеттік заттай грант түрінде инвестициялық преференция алуға ғана қатысты.».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                                     Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу