Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 ақпандағы №81 Қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Көмірсутектер, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды айқындау туралы» 2015 жылғы 29 маусымдағы №489 және «Көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №918 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Көмірсутектер, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету салаларындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
29 маусымдағы № 489 қаулысында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес:

1) Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі – көмірсутектер саласындағы;

2) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті – жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып айқындалсын.»;

көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) «Көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 918 қаулысында:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды және екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар:

1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып;

2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес көмірсутектер саласында екінші санаттағы рұқсаттарды беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар айқындалсын.»;

көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі                                                              Ә. Смайылов

 

1-қосымша

2-қосымша

 

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу