Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 мамырдағы №396 қаулысы

«Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

1. «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларын, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 524 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 101-11-бабына және «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген ішкі істер органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттарында:

«1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты» деген тармақта: 

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Криминалдық полиция департаменті, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті, Тергеу департаменті, Жедел-криминалистикалық департамент, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, Арнайы және жұмылдыру даярлығы департаменті, «Интерпол» ұлттық орталық бюросы, Жедел басқару орталығы»;

мынадай мазмұндағы он төртінші және он бесінші абзацтармен толықтырылсын:

«ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;

аға инспектор;»;

мынадай мазмұндағы отыз үшінші абзацпен толықтырылсын:

«кезекші бөлімнің жедел кезекшісі;»;

«2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті» деген тармақ мынадай мазмұндағы отыз төртінші, отыз бесінші және отыз алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

«Кадр саясаты басқармасы

кәсіптік даярлық тобының бас маманы;

кәсіптік даярлық тобының аға инспекторы;»;

«3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдар (мемлекеттік мекемелер)» деген тармақ:

мынадай мазмұндағы отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

«кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі аға инспектор;

кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі инспектор;»;

мынадай мазмұндағы алпыс бесінші, алпыс алтыншы және алпыс жетінші абзацтармен толықтырылсын:

«Кадр саясаты бөлімі (бөлімше, топ) 

кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі аға инспектор;

кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі инспектор;»;

мынадай мазмұндағы жүз қырық бірінші, жүз қырық екінші және жүз қырық үшінші абзацтармен толықтырылсын:

«Кадр саясаты бөлімі (бөлімше, топ) 

кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі аға инспектор;

кәсіптік қызметтік және дене даярлығы жөніндегі инспектор;»;

«4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары» деген тармақта:

жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Криминалдық полиция, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, экстремизмге қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық, өзіндік қауіпсіздік, арнайы және жұмылдыру даярлығы қызметтері»;

отызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«басқарма, бөлім, бөлімше бастығының орынбасары;»;

мынадай мазмұндағы елуінші, елу бірінші және елу екінші абзацтармен толықтырылсын:

«ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспектор;

аға инспектор;

инспектор»;

мынадай мазмұндағы жүз жиырма алтыншы және жүз жиырма жетінші абзацтармен толықтырылсын:

«кадр, кәсіптік қызметтік және дене даярлығы тобының аға инспекторы;

кадр, кәсіптік қызметтік және дене даярлығы тобының инспекторы;».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады. 

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                                             Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу