Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 маусымдағы №695 Қаулысы

Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы

 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Жемiс-жидек дақылдары мен жүзiмнiң көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсiру (оның iшiнде қалпына келтiру) шығындарының құнын субсидиялау қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі                 К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу