28 Шілде 2026, 10:00
«Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 760 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелер мен қазақстандық әуе кемелерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын бірнеше рет кесіп өтуіне рұқсаттар беру қағидаларында:
4-тармақта:
3) тармақшаның орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«5) шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін – жұмысқа орналасуға арналған рұқсаттардың көшірмелері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – еңбек шартының көшірмелері, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар, Қазақстан Республикасында іскерлік іссапарда жүрген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – іссапарға жіберу туралы хат;
6) қажет болған жағдайда шетел азаматтарына және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарға берілген визалардың көшірмелері;»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстандық немесе шетелдік кеме экипажының мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда, өтініш беруші осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыстыру себептерін көрсетіп, Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне экипаж мүшелерін ауыстыру туралы жазбаша өтініш береді.
Көрсетілген өтінішке мынадай құжаттар:
Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі осы тармақта көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарап, олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз шешімі туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.»;
14-тармақтың 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар (пилоттарды қоспағанда, барлық экипаж мүшелері үшін) үшін – жұмысқа орналасуға рұқсаттардың көшірмелері, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – еңбек шартының көшірмелері, шетел азаматтар үшін, Қазақстан Республикасында іскерлік іссапарда жүрген Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары үшін – іссапарға жіберу туралы хат;
5) қажет болған жағдайда шетел азаматтарына және (немесе) азаматтығы жоқ адамдарға берілген визалардың көшірмелері;»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Қазақстандық әуе кемесі экипажының мүшелерін ауыстыру қажет болған жағдайда өтініш беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыстыру себептерін көрсетіп, Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесіне экипаж мүшелерін ауыстыру туралы жазбаша өтініш береді. Көрсетілген өтінішке мынадай құжаттар:
Шекара қызметінің аумақтық бөлімшесі осы тармақта көрсетілген өтініш пен құжаттарды қарап, олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз шешімі туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.».
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі О. Бектенов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу