Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы №13 Қаулысы

Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы


2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 166-1-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.    Қоса беріліп отырған Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың ақпарат ұсыну қағидалары бекітілсін.
2.    Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                                        Б. Сағынтаев

Приложение
 

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу