Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 24 маусымдағы №542 қаулысы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Денсаулық сақтау саласындағы қосылған құн салығынан босатудың кейбір мәселелері туралы» 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1203  және «Қосылған құн салығының мөлшерлемесі өткізу бойынша салық салынатын айналымның және импорттың мөлшеріне қолданылатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, жиынтықтауыш медициналық бұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1204 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) «Денсаулық сақтау саласындағы қосылған құн салығынан босатудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы
31 желтоқсандағы № 1203 қаулысында:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Салық кодексі 474-бабының
28) тармақшасына және 479-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

көрсетілген қаулымен бекітілген өткізілу айналымы қосылған құн салығынан босатылатын медициналық көрсетілетін қызметтердің, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық қызметке лицензиясы бар субъектілер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін кешенді түрде көрсететін медициналық қызметтердің тізбесінде:

1-тармақта:

3) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«зертханалық диагностика (жалпы клиникалық, бактериологиялық, биохимиялық, гематологиялық, коагулологиялық (гемостазиологиялық), иммундық-гематологиялық, иммунологиялық, серологиялық, микробиологиялық, цитологиялық, гистологиялық, генетикалық, паразитологиялық, молекулалық-биологиялық, физикалық-химиялық зерттеулер);»;

5) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«зертханалық диагностика (жалпы клиникалық, бактериологиялық, биохимиялық, гематологиялық, коагулологиялық (гемостазиологиялық), иммундық-гематологиялық, иммунологиялық, серологиялық, микробиологиялық, цитологиялық, гистологиялық, генетикалық, паразитологиялық, молекулалық-биологиялық, физикалық-химиялық зерттеулер);»;

2-тармақта:

4) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«зертханалық диагностика (жалпы клиникалық, бактериологиялық, биохимиялық, гематологиялық, коагулологиялық (гемостазиологиялық), иммундық-гематологиялық, иммунологиялық, серологиялық, микробиологиялық, цитологиялық, гистологиялық, генетикалық, паразитологиялық, молекулалық-биологиялық, физикалық-химиялық зерттеулер);»;

5) тармақшаның үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«зертханалық диагностика (жалпы клиникалық, бактериологиялық, биохимиялық, гематологиялық, коагулологиялық (гемостазиологиялық), иммундық-гематологиялық, иммунологиялық, серологиялық, микробиологиялық, цитологиялық, гистологиялық, генетикалық, паразитологиялық, молекулалық-биологиялық, физикалық-химиялық зерттеулер);»;

көрсетілген қаулымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін өткізілу айналымы қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың тізбесі:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 597-1-жолмен толықтырылсын:

«

597-1.

B06AC01

Адам эстеразасынан алынған С1 ингибиторы *

инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 500 ХБ

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-1-жолмен толықтырылсын:

«

15-1.

3507 90 900 0

басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген өзге де ферменттік препараттар

»;

көрсетілген қаулымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберінде, сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін импорты қосылған құн салығынан босатылатын дәрілік заттардың тізбесі:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 597-1-жолмен толықтырылсын:

«

597-1.

B06AC01

Адам эстеразасынан алынған С1 ингибиторы *

инъекция үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат, 500 ХБ

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 15-1-жолмен толықтырылсын:

«

15-1.

3507 90 900 0

басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген өзге де ферменттік препараттар

»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті медициналық сақтандыру шеңберіндегі,
сондай-ақ орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу үшін дәрілік заттарды импорттау кезінде қосылған құн салығынан босатуды қолдану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2) «Қосылған құн салығының мөлшерлемесі өткізу бойынша салық салынатын айналымның және импорттың мөлшеріне қолданылатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, жиынтықтауыш медициналық бұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы № 1204 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген қосылған құн салығының мөлшерлемесі өткізу бойынша салық салынатын айналымның және импорттың мөлшеріне қолданылатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың, жиынтықтауыш медициналық бұйымдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдардың тізбесінде:

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-1-жолмен толықтырылсын:

«

10-1.

1704 10 900 9**

фармацевтикалық өнім өндірісінде пайдаланылатын, құрамында салмағы 60 % немесе одан көп сахароза бар (сахароза түрінде көрсетілген инвертті қантты қоса алғанда) өзге де сағыз

»;

реттік нөмірлері 15 және 16-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

15.

2501 00 100 0**

фармацевтикалық өнім өндірісінде пайдаланылатын суда ерітілген немесе ерітілмеген немесе құрамында жабысып қалуға жол бермейтін немесе сусымалы болуын қамтамасыз ететін агент қоспалары бар немесе жоқ таза натрий хлориді; теңіз суы және тұз ерітінділері

16.

2501 00 100 0*

медициналық мақсатта  пайдаланылатын суда ерітілген немесе ерітілмеген немесе құрамында жабысып қалуға жол бермейтін немесе сусымалы болуын қамтамасыз ететін агент қоспалары бар немесе жоқ таза натрий хлориді; теңіз суы және тұз ерітінділері

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-1-жолмен толықтырылсын:

«

21-1.

28-топ*

медициналық мақсатта пайдаланылатын бейорганикалық химия өнімдері; асыл металдардың, жерде сирек кездесетін металдардың, радиоактивті элементтердің немесе изотоптардың бейорганикалық немесе органикалық қосылыстары, дистилляцияланған, кондуктометриялық су және медициналық мақсатта пайдаланылатын осындай тазалықтағы су

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 22-1-жолмен толықтырылсын:

«

22-1.

29-топ*

медициналық мақсатта пайдаланылатын табиғи немесе синтезделген органикалық химиялық қосылыстар

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 31-1-жолмен толықтырылсын:

«

31-1.

3402 **

фармацевтикалық өнім өндірісінде пайдаланылатын, бөлшектеп сату үшін буып-түйілген немесе буып-түйілмеген органикалық анионды беттік-белсенді заттар, өзгелері

»;

реттік нөмірлері 51 және 52-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

«

51.

3822 11 000 0*, 3822 12 000 1*, 3822 12 000 9*, 3822 13 000 0*, 3822 19 000 1*, 3822 19 000 9*, 3822 90 000 0*

ЕАЭО СЭҚ ТН 3002 немесе 3006 тауарлық позицияларындағы тауарлардан басқа, диагностикалық немесе төсенiшке орнатылған зертханалық реагенттер, дайын диагностикалық немесе төсенiшке орнатылған немесе орнатылмаған зертханалық реагенттер; медициналық мақсатта пайдаланылатын сертификатталған эталондық материалдар

52.

3822 11 000 0**, 3822 12 000 1**, 3822 12 000 9**, 3822 13 000 0**, 3822 19 000 1**, 3822 19 000 9**, 3822 90 000 0**

ЕАЭО СЭҚ ТН 3002 немесе 3006 тауарлық позицияларындағы тауарлардан басқа, диагностикалық немесе төсенiшке орнатылған зертханалық реагенттер, дайын диагностикалық немесе төсенiшке орнатылған немесе орнатылмаған зертханалық реагенттер; фармацевтикалық өнім және медициналық бұйымдар өндірісінде пайдаланылатын сертификатталған эталондық материалдар

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 61-1-жолмен толықтырылсын:

«

61-1.

4009 11 000 0**

фармацевтикалық өнім және медициналық бұйымдар өндірісінде пайдаланылатын, қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған құбырлар, түтiктер және құбыршектер, тек тоқыма материалдарымен бекемдетілген немесе өзге әдіспен қиыстырылған, фитингтерсіз

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 67-1-жолмен толықтырылсын:

«

67-1.

4015 19 000 0**

фармацевтикалық өнім және медициналық бұйымдар өндірісінде пайдаланылатын, түрлі мақсаттарға арналған, қатты резеңкеден басқа,  вулканизацияланған резеңкеден жасалған өзге  қолғаптар, биялайлар және митенкілер

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 69-1-жолмен толықтырылсын:

«

69-1.

4016*-дан

фармацевтикалық өнім және медициналық бұйымдар өндірісінде пайдаланылатын, вулканизацияланған резеңкеден жасалған бұйымдар

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 71-1-жолмен толықтырылсын:

«

71-1.

4804*-тен

медициналық және фармацевтикалық мақсатта пайдаланылатын, рулондардағы немесе парақтардағы крафт-қағаз және борланбаған крафт-картон

»;

реттік нөмірі 75-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

75.

4818 90 100 0**

медициналық бұйымдар өндірісінде пайдаланылатын, хирургиялық, медициналық мақсаттарда қолданылатын бұйымдар, бөлшек сауда үшін өлшеніп салынбаған

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 75-1-жолмен толықтырылсын:

«

75-1.

4818 90 100 0*

хирургиялық, медициналық мақсаттарда қолданылатын бұйымдар, бөлшек сауда үшін өлшеніп салынбаған

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 77-1-жолмен толықтырылсын:

«

77-1.

4823 90*-нан

медициналық және фармацевтикалық мақсатта пайдаланылатын рулондағы қағаз

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 79-1 және 79-2-жолдармен толықтырылсын:

«

79-1.

5601 21 100 0*

медициналық мақсатта пайдаланылатын, тоқыма материалдардан жасалған мақта және одан жасалған гигроскопиялық бұйымдар

79-2.

5601 21 **-ден

фармацевтикалық өнім және медициналық бұйымдар өндірісінде пайдаланылатын, тоқыма материалдардан жасалған мақта және одан, мақта талшықтарынан жасалған бұйымдар

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 81-1-жолмен толықтырылсын:

«

81-1.

6104 22 000 0**

фармацевтикалық өнім және медициналық бұйымдар өндірісінде пайдаланылатын, машинамен немесе қолмен тоқылған, мақта-мата иірімжіптен жасалған әйелдерге немесе қыздарға арналған трикотаж жиынтықтары

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 81-1-жолмен толықтырылсын:

«

83-1.

6115 99 000 0**

фармацевтикалық өнім және медициналық бұйымдар өндірісінде пайдаланылатын, машинамен немесе қолмен тоқылған, өзге тоқыма, трикотаж материалдардан жасалған өзге шұлықтар және қысқа шұлық, ұйық бұйымдары және ұлтансыз аяқкиім

»;

реттік нөмірі 95-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

95.

6307*-ден

 

өзге дайын бұйымдар, қан тоқтататын жгут, медициналық маскалар, бахилалар, жаймалар, белдіктер, корсеттер, медициналық мақсаттағы арқа түзеткіштері, омыртқаның мойын бөлігіне арналған медициналық бекіткіштер, хирургияда аяқ-қолды бекітуге арналған ұстап тұратын медициналық таңғыштар сияқты медицинада пайдаланылатын, тоқыма материалдан жасалған бұйымдар

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 96-1-жолмен толықтырылсын:

«

96-1.

6404 19 900 0**

фармацевтикалық өнім және медициналық бұйымдар өндірісінде пайдаланылатын, резеңкеден немесе пластмассадан жасалған, қонышы тоқыма материалдарынан жасалған өзге аяқкиім

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 100-1 және 100-2-жолдармен толықтырылсын:

«

100-1.

6506 10 800 0*

медициналық мақсатта пайдаланылатын, астарлы немесе астарсыз немесе өңделген немесе өңделмеген өзге материалдан жасалған бас киімдер

100-2.

6506 10 800 0**

фармацевтикалық өнім және медициналық бұйымдар өндірісінде пайдаланылатын, астарлы немесе астарсыз немесе өңделген немесе өңделмеген өзге материалдан жасалған бас киімдер

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 110-1-жолмен толықтырылсын:

«

110-1.

7010 90 210 0*, 7010 90 710 0*, 7010 90 790 0*

медициналық мақсатта пайдаланылатын бөтелкелер, флакондар, құтылар, ампулалар және өзге  шыны ыдыстар

»;

реттік нөмірі 111-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

111.

7010 90 210 0**, 7010 90 710 0**, 7010 90 790 0**

фармацевтикалық өнім және медициналық бұйымдар өндірісінде пайдаланылатын бөтелкелер, флакондар, құтылар, ампулалар және өзге  шыны ыдыстар

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 116-1-жолмен толықтырылсын:

«

116-1.

7319 90 900 0*

медициналық мақсатта пайдаланылатын өзге инелер

»;

реттік нөмірі 119-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

119.

7326 90 940 9**, 7326 90 980 7**

фармацевтикалық өнім және медициналық бұйымдар өндірісінде пайдаланылатын стерильдеу қораптары және ұқсас бұйымдар, қара металдардан жасалған, қалыпталған өзге бұйымдар, өзгелері

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 140-1-жолмен толықтырылсын:

«

140-1.

8419*-дан

медициналық мақсатта пайдаланылатын, өңдеу барысында материалдың температурасы өзгеретін жылыту, пісіру, қуыру, тазарту, тазалау, зарарсыздандыру, пастерлеу, буландыру, кептіру, бумен өңдеу, конденсациялау немесе салқындату сияқты материалдарды өңдеуге арналған электрмен немесе электрсіз жылытылатын өнеркәсіптік немесе зертханалық машиналар, жабдықтар (8514 тауарлық позициясының пештерін, камераларын және басқа да жабдықтарын қоспағанда); электрлі емес инерттік емес су жылытқыштар немесе жылу беретін су аккумуляторлары; олардың бөліктері

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 143-1-жолмен толықтырылсын:

«

143-1.

8422*-ден

медициналық мақсатта, медициналық бұйымдарда пайдаланылатын, шөлмектерді немесе басқа ыдыстарды жууға немесе кептіруге арналған жабдықтар; шөлмектерді, шыны сауыттарды толтыруға, тығындауға, жәшіктерді, қаптарды немесе басқа ыдыстарды жабуға, оларға сүргі салуға немесе жапсырма желімдеуге арналған жабдықтар; шөлмектерді, шыны сауыттарды, тубтарды және осыған ұқсас ыдыстарды қалпақшалармен немесе қақпақпен бітеп тығындауға арналған жабдықтар; буып-түюге немесе opaуғa арналған өзге де жабдықтар (тауарды орағыш материалдың термошөгуі жолымен орайтын жабдықтарды қоса алғанда); олардың бөліктері

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 144-1-жолмен толықтырылсын:

«

144-1.

8423*-тен

медициналық мақсатта пайдаланылатын, конвейерлердегі өнімді үздіксіз өлшеуге арналған таразылар (конвейердегі қаптамалар салмағын бақылауға арналған машиналар, чеквейер); ең жоғарғы өлшеу салмағы 30 кг-нан аспайтын алдын ала қапталған тауарларды өлшеуге және таңбалауға арналған жабдықтар

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 177-1 және 177-2-жолдармен толықтырылсын:

«

177-1.

8529 90 103 3*, 8529 90 104 9*

медициналық мақсатта пайдаланылатын, тек қана немесе негізінен 8525 – 8528 тауарлық позицияларының аппаратурасына арналған бөліктер: өзгелері

177-2.

8529 90 103 3**, 8529 90 104 9**

фармацевтикалық өнім және медициналық бұйымдар өндірісінде пайдаланылатын, тек қана немесе негізінен 8525 – 8528 тауарлық позицияларының аппаратурасына арналған бөліктер: өзгелері

»;

реттік нөмірі 191-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

191.

9001 40 410 0*, 9001 40 490 0*-ден

медицинада пайдаланылатын, екі жағынан өңделген, бір фокальды, мультифокальды (көп фокальды), трансфокальды, шыныдан жасалған, көру қабілетін түзететін көзілдірікке арналған линзалар

»;

реттік нөмірі 193-жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

193.

9001 50 410 0*, 9001 50 490 0*

медицинада, медициналық бұйымдарда пайдаланылатын, екі жағынан өңделген, бір фокальды, мультифокальды (көп фокальды), трансфокальды өзге материалдардан жасалған, көруді қабілетін түзететін көзілдірікке арналған линзалар

»;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 243-жолмен толықтырылсын:

«

243.

9617 00 000 1**

фармацевтикалық өнім және медициналық бұйым өндірісінде пайдаланылатын термостар және жиналған түрдегі өзге де вакуумдық ыдыстар

»;

ескертпелер мынадай редакцияда жазылсын:

«Ескертпе:

* қосылған құн салығының мөлшерлемесі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 5 пайызды, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 10 пайызды құрайды және  өткізу мен  импорттау бойынша салық салынатын айналым мөлшеріне қолданылады.

Импорттау кезінде фармацевтикалық немесе медициналық қызметке арналған лицензияның немесе «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізуге берілген, тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден уәкілетті лауазымды тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында портал арқылы алынатын, қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның;

тіркелген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды импорттау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе Еуразиялық экономикалық одақтың актілеріне сәйкес берілген дәрілік заттарды немесе медициналық бұйымдарды тіркеу куәлігінің;

тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды импорттау кезінде «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және «Қазақстан Республикасында тіркелген және тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды әкелуге (әкетуге) келісім және (немесе) қорытынды (рұқсат беру құжатын) беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21749 болып тіркелген) сәйкес берілген рұқсат беру құжатының болуы қажет;

** қосылған құн салығының мөлшерлемесі 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 5 пайызды, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 10 пайызды құрайды және өткізу мен импорттау бойынша салық салынатын айналым мөлшеріне қолданылады.

Импорттау кезінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 230-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларына сәйкес қызметтің түрімен бірге фармацевтикалық қызметке лицензияның болуы қажет.

Осы тізбе ветеринариялық препараттарды, оның ішінде ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткізу және импорттау бойынша айналымға қатысты қолданылмайды.».

2. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағы 2) тармақшасының алпыс жетінші абзацын және Қағидалардың 5-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                       О. Бектенов

 

 

Ереже

Қосымша

Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу