27 Тамыз 2022, 19:55
«Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторларының қоғамдық тәртіпті сақтаудағы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1996 жылғы 24 желтоқсандағы № 1598 қаулысының және «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 24 желтоқсандағы №1598 және 2003 жылғы 4 маусымдағы №529 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 10 тамыздағы № 826 қаулысының 1-тармағы 1) тармақшасының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Ішкі істер органдарының учаскелік полиция инспекторларының қоғамдық тәртіпті сақтаудағы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 желтоқсандағы №1598 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 24 желтоқсандағы №1598 және 2003 жылғы 4 маусымдағы № 529 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 10 тамыздағы № 826 қаулысы 1-тармағының 1) тармақшасы.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Ә. Смайылов
Қазақстанның Премьер-министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз
Жазылу