Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы «25» сәуірдегі № 297 қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 және «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту және «Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» 2015 жылғы 19 ақпандағы № 82 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1) «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 754 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 30, 392-құжат):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарының тiзбесiн бекіту туралы»;

1-тармақтың 1), 1-1), 2), 3) тармақшалары алып тасталсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген мүгедектерге берілетін техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүрiп-тұру құралдарының тiзбесiнде:

2-тармақ мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

«7) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары.»;

  1. - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 97 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 82 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2015 жылға арналған республикалық бюджеттен халықты әлеуметтік қорғауға және оған көмек көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларында:

39-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидаларының  113-тармағында көзделген мөлшерге дейін мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен (жөргектермен, несеп қабылдағыштармен және нәжіс қабылдағыштармен) қамтамасыз ету нормасын ұлғайтуға пайдаланылады.».

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі                            К. Мәсімов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу