Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі №325 қаулысы

Қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына екінші санаттағы рұқсаттар беруге уәкілетті органды айқындау туралы

 

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына екінші санаттағы рұқсаттар беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                           Ә. Смайылов

Қазақстанның Премьер-Министрі мен Үкіметі жаңалықтарынан хабардар болыңыз — ресми Telegram-каналға жазылыңыз

Жазылу